• Республика Казахстан
    г. Павлодар ул. Торайгырова, 1
  • +7 (7182) 53-20-22
  • +7 (7182) 53-21-22
    Санаторлы-курортты емделу, демалыс және экскурсиялар туралы консултациялар. Консултациялар сагат 9:00ө ден 18:00-ге дейін жұмыс жасайды. 
  • +7 (7182) 53-41-20
    Қонақ үй ресепшіні тәулік бойы жумыс жасайды.
  •  ptourist@mail.ru

«Павлодартурист» АҚ «Зеленый Бор» шипажайын ұсынады

Бурабайдың таулары, қылқан жапырақты орманы бір-бірімен үйлесе отырып, қайталанбас әсем ландшафттарды ғана емес, сондай-ақ ерекше емдік климатты түзеді.

Осында Сіз қала қарбаласынан демалып, жаяу жүру, шаңғы және атпен серуендеу, экскурсиялар жасау арқылы табиғаттан қуат ала аласыз, сондай-ақ шипажайдың емдеу корпусынан сауықтыру емшараларын қабылдай аласыз.

Орналасуы

«Зеленый Бор» шипажайы Бурабай демалыс аймағында Щучье көлі жағалауының әдемі жерінде орналасқан.

Медициналық қызметтер

«Зеленый Бор» шипажайында Сіз диагностикадан өтіп, мамандардың кеңесін алып, сауықтыру, емдік шараларын қабылдай аласыз: жас маралдың мүйізінен жасалған, теңіз және қылқан жапырақты ванналар, түрлі душ емшаралары, лазермен емдеу, балшықты бастырмалар, ингаляциялар, массаж, ішек жолдарын тазарту, парафинмен, сүлікпен емдеу және тағы басқасы. Физиоемшаралар жолдама құнына кіреді.

Бос уақыт

Қыста шипажайда шаңғы, коньки және қарда жүргіштерді жалға беру қызметі жұмыс істейді. Жазда ашық спорт алаңдарында футбол, волейбол және үлкен теннис ойнай аласыз. Шипажай корпусында заманауи жабдықталған сауна және бассейн, жаттығу және спорт залы, бильярд бөлмесі, тир және үстел теннисі өз қызметін ұсынады. Бейнесалонда әртүрлі фильмдерді көруге болады. Бос уақытын Бурабай бойынша жасалатын әртүрлі экскурсияларға арнағысы келетіндер үшін атпен серуендер, жаяу экскурсиялар ұсынылады. 

Шипажайдың инфрақұрылымы

«Зеленый Бор» шипажайы толыққанды демалу, бос уақытты өткізу, ойын-сауық құру үшін қажетті инфрақұрылымға ие: шипажайдан 50 метр қашықтықта орналасқан шатыр мен шезлонгтары бар меншікті құмайт-малтатасты жағалау, үлкен бассейн, сауна, орыс және фин моншалары, мейрамхана, бар және кафе, банкет залы, косметолог және шаштараз қызметі, кинозал, жаттығу және спорт залдары, үлкен және үстел теннисі, бильярд, ойын құрал-саймандарын жалға беру қызметі, волейбол алаңы, футбол алаңы, валюта айырбастау пункті, қалааралық және халықаралық байланысы бар телефон автоматтары, күзетілетін автотұрақ, кітапхана бар.

  • «ЖАСЫЛ ОРМАН» ШИПАЖАЙЫ» ЖШС-НЫҢ БАҒА КӨРСЕТКІШІ

    Нөмір сипаттамасы Адам саны Бағасы
    1 3 қабатты корпустағы «Люкс» сыныпты нөмір

    1-ші және 2-ші қабаттағы нөмірлер. Екі бөлмелі, 2 кісілік кереует, жұмсақ жиһаз, тоңазытқыш, душ кабинасы бар санитарлық торап,  сүлгілер жиынтығы, электр шәйнегі

    2 16500
    Қосымша орын ұйымдастыру мүмкіндігі 1 6000
    2 5 қабатты корпустағы «Люкс» сыныпты нөмір

    3-ші қабаттағы нөмірлер. Екі бөлмелі, 2 кісілік кереует, жұмсақ жиһаз, тоңазытқыш, ваннасы бар санитарлық торап,  сүлгілер жиынтығы, электр шәйнегі

    2 16500
    Қосымша орын ұйымдастыру мүмкіндігі 1 6000
    3 «Жартылай люкс» сыныпты нөмір

    2-ші және 3-ші қабаттарда. Бір бөлмелі, 2 кісілік кереует, тоңазытқыш, теледидар, душ кабинасы бар санитарлық торап,сүлгілер жиынтығы

    2 13500
    4 5 қабатты корпустағы «Стандарт» сыныпты нөмірлер

    Кіреберісі, 1-ші қабаттан 5-ші қабатқа дейін лоджиялары бар 2 және 3 кісілік бір бөлмелі нөмірлер. Бір кісілік кереуеттер, кереует жанындағы тумбочкалар, журнал үстелі, ТД тумбасы, теледидар, тоңазытқыш, душ кабинасы бар санитарлық торап, сүлгілер мен төсек-орын тыстарының жиынтығы

    1 5500
    5 Коттедждер; VIP сыныпты екі қабатты жеке тұрған екі коттедж (тамақтанусыз)

    Екі кісілік кереуеті бар 3 жатын бөлмесі, жұмсақ жиһазы бар қонақ бөлмесі, жабдықталған асүй, сүлгілер жиынтығы, душ кабиналары бар 3 санитарлық торап, теледидар, алауошақ, автокөлік қоюға арналған орын.

    6 31500
    Қосымша орын ұйымдастыру мүмкіндігі 1 4200

Ескертпе:

Құнына: 4 рет тамақтану, негізгі ем қабылдау  (ем қабылдау 3 күннен астам тұрған кезде басталады), 1 сағат тренажер залы, 1 сағат бассейн. 6 жасқа дейінгі балаларға тегін. Тамақтану бір адамға тәулігіне — 2 600 Тг.

Негізгі емдеу:

  • Лечебная физкультура;
  • УФО (тубусный кварц);
  • СМТ-Амплипульс;
  • Магнитотерапия;
  • Д.Арсенваль;
  • Соллюкс;
  • Элетрофорез;
  • Ванны хвойные, жемчужные;
  • Душ Шарко;
  • Ультразвук;
  • Грязевые и парафиновые аппликации;
  • Ингаляции;                              
  • Кислородный коктейль;
  • Солевая шахта.