• Республика Казахстан
    г. Павлодар ул. Торайгырова, 1
  • +7 (7182) 53-20-22
  • +7 (7182) 53-21-22
    Санаторлы-курортты емделу, демалыс және экскурсиялар туралы консултациялар. Консултациялар сагат 9:00ө ден 18:00-ге дейін жұмыс жасайды. 
  • +7 (7182) 53-41-20
    Қонақ үй ресепшіні тәулік бойы жумыс жасайды.
  •  ptourist@mail.ru

«Павлодартурист» АҚ  «Манкент» санаторийін ұсынады

Манкент – бұл, түрлі сырқаттарды емдеуімен әйгілі санаторий.  Манкентке жолдама алсаңыз, сіздің тамақтануыңыз, тұруыңыз, еміңіз бен бос уақытыңыздың босқа өтпейтіндігіне сенімді болыңыз.

Сіздің таңдауыңызға 1, 2 немесе 3 орынды орынға орналастыратын әртүрлі нөмірлер ұсынылады. Тағам дәмді әрі пайдалы болуы үшін өнімдерді өзіміз өсіреміз.  Сонымен қатар тұратын адамдарға калорияларды санап 10 күнге арнайы ас мәзірі жасалады.
Емдеу

Сауықтыру мен емдеу — медицинаның ең маңызды бағыттарының бірі. Ауруды емдегенше, алдын алған дұрыс. Санаторлық-курорттық емдеу ертеден емдеу түрлерінің ең тиімдісінің бірі болды. Біздің республикамызда санаторлық емдеудің минералды және табиғи-климаттық түрінің ең мол шоғыры бар.

Бірегей минералды су, керемет табиғи-климаттық жағдай, жоғары білікті мамандар, ыңғайлы тұрмыстық жайлар, түрлі ас мәзірі және тарихи орындардың жақындығы біздің санаторийімізді  Қазақстан тұрғындарының сүйікті демалыс  және    емделу орындары ете алады.

Санаторийдің алаңы 12 гектарды құрайтын барлық аумағында мынадай сәндік ағаштар өсіріледі: қарағай, шырша, арша, сәнағаш, пирамида сияқты терек, қараған, бөртегүл, талшын.  Барлық жерде гүлзарлар мен раушан көшеттері қойылған.

Микроклиматтың тармақталған жүйесі ыстық, аптап күндері күні бойы салқын ауаны  сақтап тұрады.

Санаторийдің   бальнеологиялық емдеу шаралары  кешені бар  өз емдеу корпусының болуы  (минералды ванналар, суасты душ-массаж, омыртқаны су асты созу,  парафинді-озокеритті емдеу, балшықты жапсырмалар, емдік бассейн, механикалық және қолмен жасалатын массаж, ингаляциялар, физиоемдеу және т.б) демалушылардың көбінің санаторлық-курорттық емдеудің толық курсын алуына мүмкіндік береді.

1210 метр тереңдіктен алынатын  Манкент  шикізат кен орнының минералды суы бар. Құрамында пайдалы компоненттері (темір, күкірт, натрий, хлор, йод, бром және т.б) бар минералды су ішке және сыртқа қабылданып, ағзаға ойдағыдай әсер береді.

Минералды су ішу, асқазанды  тазарту, өт айдау, трансдуоденалды байқап көру, ішекті сулауда, микроклизма және гинекологиялық суландыруларда, минералды ванналар үшін қолданылады.

Дәрігердің тағайындауы бойынша жолдама құнына кіретін медициналық қызметтер

  • Минералды ванналар;
  • Физиошаралар (22  түрі);
  • 4 камералы ванналар;
  • Суасты душ-массаж;
  • Шарко душы;
  • Циркулярлы душ;
  • Ішекті сулау;
  • Гинекологиялық суландыру;
  • Минералды сумен, шөптер және майлармен микро-клизмалар;
  • Механикалық массаж;
  • Парафинді-озокеритті емдеу;
  • Асқазанды тазарту;
  • Трансдуоденалды байқап көру;
  • Тұзды шахталар;
  • Фитоаэроионизация;
  • «Серагем» массажды-терапевтік кереуеті;
  • Емдік дене шынықтыру;
  • Қысқы және жазғы емдік бассейн;
  • Мәдени-сауық; (күнделікті дискотека, кино, демалыс кештері, спорттық шаралар)
  • Тегін оттекті коктейль.
Жолдама құнына енбейтін қосымша ақылы қызметтер

  • Концерттер;
  • Кафе,  мейрамхана;
  • Бильярд;
  • Омыртқаны суасты созу;
  • Балшықпен емдеу;
  • Ине терапиясы;
  • Қылқанды-тұзды ванналар;
  • Інжу ванналар;
  • Тіс протезі кабинеті;
  • NUGABEST массажды терапевтік кереуеті;
  • Диагностикалық зерттеу ( бауырдың, өт қабының, бүйректің  компьютерлік диагностикалауы, қан, несеп,өт, асқазан сөлі талдаулары, қантты анықтау үшін қан алу, жалпы қан талдауы)
  • Фитобөшке;
  • Фин саунасы,  орыс моншасы және    бассейн;
  • SPA салон;
  • Сұлулық салоны;
  • Экскурсиялар.
Манкент санаторийі мынадай ауруларды емдеу үшін мамандандырылған:

  • Жүйке жүйесі  аурулары;
  • Қимыл-тірек аппараты;
  •  Ішек-қарын жолы;
  • Урологиялық  аурулар;
  • Гинекологиялық  аурулар.
Санаторийде бірнеше бөлімдер бар:

  • диагностикалау;
  • физиотерапевтік;
  • бальнеологиялық;
  • балшықты су емханасы( балшықпен емдеу).
Емдеу кезінде Манкент аумағынан алынған минералды су пайдаланылады. Минералды су құрамына йод, темір, натрий, күкірт, хлор, бром және т.б сияқты пайдалы компоненттер енеді. Сонымен қатар күніне екі рет ЕДШ өткізілетін дене шынықтыру кешені бар.

Сіздің бос уақытыңызды әсерлі ету үшін баскетбол, волейбол, теннис, шашки және шахмат бойынша жарыстар өткізіледі. Сонымен қатар күнделікті концерттер, билер өткізілетін «Думан» атты ойын-сауық орталығы бар.  Аңызға айналған жерлер, сонымен қатар Түркістан қаласының көне жазығындағы экскурсиялар ешкімді де немқұрайлы қалдырмайды.

Манкенттің барлық аумағынан Ақсу өзенінің тармағы ағады және ауаны тазартып, қылқан иісімен тамсандыратын әртүрлі ағаштар өседі.  Табиғатпен  рахаттанып, тату-тәтті топта әңгіме өрбіту үшін ұйықтайтын корпустардың жанындағы саябақтарда үстел және орындықтар қойылған жаппалар бар.

Манкент санаторийінің Қазақстанның оңтүстігінде орналасқандығы сіздің жылы климатпен қана емес, сонымен қатар көкөніс пен жемістердің әртүрлілігімен де рахаттануыңызға мүмкіндік береді.

  • «МАНКЕНТ САНАТОРИЙІ» АҚ-ҒЫ ТҰРУ ҚҰНЫ

    Нөмір Корпус Құны  (тәулік)  Орындар саны
    I А санатты нөмір 2, 7, 12 15 000 2 орынды
      I Б санатты нөмір 3, 4, 11 13 000 2 орынды
      II  санатты нөмір 3, 10 11 000 2-  орынды
      III А санатты нөмір 1, 9, 14 11 000 2 орынды
      III Б санатты нөмір 5, 8 10 000 2 орынды
      IV санатты «отбасылық« нөмір 10 10 000 4 орынды
      I орынды нөмір 3 13 000 1 орынды
      I орынды «А» нөмірі 10 12 000 1 орынды
      I орынды «Б» нөмірі 1, 14 10 000 1 орынды
      « Жайлылық — Стандарт» нөмірі 1, 2, 15, 7 8 900 2 орынды
     «Стандарт» + нөмірі 10 8 100 2 орынды
      «Стандарт» нөмірі 13, 16-24 7 500 2, 3 орынды
     Жатын орнын алмайтындарға бағыттама 7 000

ескертулер:

Емдеу санаторийге келген кезінен 6 күн ішінде тағайындалады. 1 адамның екі орынды нөмірде  бірге  жайғастырмай жалғыз тұрғанында 2 орынға толық төленеді. Қарашадан наурыз айларына дейін    бірге жайғастырмай тұру 1 орын 100%, екінші орын 50% төленеді.   4 жасқа дейінгі балалар қабылданбайды, 4 жастан 7 жасқа дейін 25 000 теңге, 7 жастан 10 жасқа дейін 50%, 10 жастан және жоғары жастағыларға  бірге жайғасуға төлем 70%.

«Стандарт» нөмірі

1 қабатты ғимараттар, 13, 15-24 корпус

Бір бөлмелі,   «Стандарт» нөмірі  2, 3 орынды нөмірлер

Теледидар, тоңазытқыш, бір кісілік кереуеттер, шкаф, тумбочка

Жуынатын бөлме- душ кабинасы немесе ванна,  шұңғылша

 Тамақтану – жалпы зал.

«Жайлылық +стандарт» екі орынды нөмір

3 қабатты ғимарат, 1, 2 корпус

Бір бөлмелі,   «жайлылық+стандарт» екі орынды нөмір

Кереует, теледидар, шкаф, тумбочка

Жуынатын бөлме – душ,  шұңғылша

Тамақтану – жалпы зал.

«Б» санатты бір орынды нөмір

3 қабатты ғимарат. 1, 14 корпус.

Бір бөлмелі,   «Б» санатты бір орынды нөмір

Кереует, кабельді ТV, тоңазытқыш, шкаф, тумбочкалар

Жуынатын бөлме – ванна,  шұңғылша

Тамақтану  «VIP» залда.

  «Стандарт +» нөмірі

3 қабатты ғимарат. 10 корпус

«Стандарт +» екі орынды нөмір

Кереует,   кабельді ТV,   шкаф, тумбочка

Жуынатын бөлме – ванна,  шұңғылша

 

 Тамақтану – жалпы залда.

Бір орынды нөмір

3 қабатты ғимарат. 10 корпус

Бір орынды нөмір

Кереует, кабельді ТV, тоңазытқыш, шкаф, тумбочкалар

Жуынатын бөлме – ванна,  шұңғылша

 

Тамақтану  «VIP» залда.

IV орынды (отбасылық) нөмір

3 қабатты ғимарат. 10 корпус

IV   орынды  ( отбасылық) нөмір

Қонақ бөлмесі –  демалыс бұрышы, кабельді ТV, телефон,     ауабаптағыш,   тоңазытқыш, жуғыш

Жатын бөлмесі — екі кісілік кереует, шкаф, тумбочкалар

 

Жатын бөлмесі —  бөлек кереуеттер, шкаф, тумбалар

Жуынатын бөлме – ванна,  шұңғылша

 

 Тамақтану  «VIP» залда.

  III «Б» санатты екі бөлмелі нөмір

1-2 қабатты ғимараттар. 5, 8, 9 корпус

III «Б» санатты екі бөлмелі нөмір

Екі орынды

Қонақ бөлмесі –  демалыс бұрышы, кабельді ТV, телефон,   ауабаптағыш,   тоңазытқыш

Жатын бөлмесі — екі кісілік кереует, шкаф, тумбочкалар

Жуынатын бөлме – ванна,  шұңғылша, фен.

 

 Тамақтану  «VIP» залда.

  III «А» санатты екі бөлмелі нөмір

2-3 қабатты нөмірлер. Нөмір: 1-14.

III «А» санатты екі бөлмелі нөмір

Екі орынды

Қонақ бөлмесі –  демалыс бұрышы, кабельді ТV, телефон,     ауабаптағыш,   тоңазытқыш

Жатын бөлмесі — бөлек кереуеттер, шкаф, тумбочкалар

Жуынатын бөлме – душ кабинкалары немесе ванна,  шұңғылша

  Тамақтану  «VIP» залда.

II санатты екі бөлмелі нөмір

Үш қабатты ғимарат, 10 корпус

II санатты екі бөлмелі нөмір,  екі орынды

Қонақ бөлмесі –  демалыс бұрышы, кабельді ТV, телефон,   ауабаптағыш, жуғыш,  тоңазытқыш

Жатын бөлмесі —   бөлек кереуеттер

 Жуынатын бөлме – ванна,  шұңғылша, фен.

Тамақтану  «VIP» залда.

1 «Б»  санатты нөмір(11 корпус)

Екі қабатты ғимарат, 11 корпус. Нөмір: 1-8

1 «Б» санатты екі бөлмелі нөмір

Қонақ бөлмесі –  демалыс бұрышы, кабельді ТV, телефон, ауабаптағыш, тоңазытқыш

Жатын бөлмесі-  бөлек кереуеттер

Асхана  – сервант,  тоңазытқыш, орындықтарымен үстел,  шұңғылша

Жуынатын бөлме – ванна, биде,  шұңғылша, фен

 Тамақтану  «VIP» залда, сейф

1 «Б» санатты нөмір   (12 корпус)

Екі қабатты ғимарат. 12 корпус, нөмір: 1-8

1 «Б» санатты екі бөлмелі нөмір

Қонақ бөлмесі –  демалыс бұрышы, кабельді ТV, телефон, ауабаптағыш, тоңазытқыш

Жатын бөлмесі —  екі кісілік кереует, шкаф, тумбочкалар

Жуынатын бөлме – ванна, биде, шұңғылша, фен

Тамақтану  «VIP» залда, сейф

1 «А» санатты нөмір

Екі қабатты ғимарат, 7  корпус. Нөмір: 2-3

1 «Б» санатты екі бөлмелі нөмір

Қонақ бөлмесі –  демалыс бұрышы, кабельді ТV, телефон, ауабаптағыш, тоңазытқыш

Жатын бөлмесі — екі кісілік кереует, шкаф, тумбочкалар

Жуынатын бөлме – ванна, биде,  шұңғылша, фен

 Тамақтану  «VIP» залда, сейф