• Республика Казахстан
    г. Павлодар ул. Торайгырова, 1
  • +7 (7182) 53-20-22
  • +7 (7182) 53-21-22
    Санаторлы-курортты емделу, демалыс және экскурсиялар туралы консултациялар. Консултациялар сагат 9:00ө ден 18:00-ге дейін жұмыс жасайды. 
  • +7 (7182) 53-41-20
    Қонақ үй ресепшіні тәулік бойы жумыс жасайды.
  •  ptourist@mail.ru

«Павлодартурист» АҚ «Көктем» санаторийін ұсынады

«Көктем» санаторийі Алматыдан қашық емес. Небәрі қаладан 3 км қашықтықтағы шатқалда, теңіз деңгейінен 1100 м биіктікте.  Сізді таулы жердің керемет  көрінісі мен кәусар, таза ауасы құшақ жая қарсы алады.

Санаторий аумағында өз жергілікті минералды суының қайнар көзі бар.  Тау табиғаты  мен табиғи минералды суды қолдану емдеуді  нәтижелі етеді.

Санаторий емдейді:

  •  Асқорыту органдары;
  • Урологиялық аурулар;
  • Зат алмасу және эндокриндік  жүйесі аурулары;
  • Созылмалы кәсіби аурулар және улану;
  • Тамыр аурулары;
  •  Сүйек-бұлшық ет жүйесі;
  •  Жүйке жүйесі;
  • Гинекологиялық аурулар;
  •  Тері аурулары;
  •  Тыныс алу мүшелері аурулары және  ЛОР аурулары
  • Стоматологиялық аурулар.
Санаторийдің заманауи жабдықталған емдік-диагностикалық корпусы бар. Сіз бұл жерде  өзіңізге қажетті ағзаңызды диагностикадан өткізіп, жоғары білікті медицина мамандарының бақылауында ем ала аласыз.

Удз, Экг, түрлі талдаулар.  Суасты массаж, минералды және  құйынды ток емшаралары, омыртқаны суасты созу, 4 камералы ванналар, минералды бассейн және тағы басқалары сияқты.

Физиотерапия мен электр жарығы қазіргі уақыттағы аспаптарымен:   биоптрон, электроұйқы, микротолқынды терапия, квантты терапия, лазерлі терапия, жарық ванналар, релаксотерапия, диодемикалық және импульсті токтар, электрофорез, соллюкс,  «Марутака», «Нуга Бест» массажерларымен қуантады.

Санаторийдегі тамақтану – бұл сіздің еміңіздің ажырағысыз бөлігі.  Сіздің тағам мөлшеріңізге көкөністер мен жемістерді қоса отырып, емдәмдік тамақ дайындалады. Күніне бес рет сізді дәмді де пайдалы тағам түрімен қуантатын болады.

Салауатты өмір салтын жақсы көретіндерге санаторий аумағында екі минералды бассейн, тренажер залы, бассейнімен сауна, косметологиялық кабинет бар.  Кітапхана, бильярд, кафе, дискотекалар мен экскурсиялар сіздің «Көктем» санаторийіндегі уақытыңызды әсерлі етеді.

  • «Көктем санаторийі» АҚ-ның жолдамалар құны

     Нөмір санаты Нөмір сипаттамасы

     

    1. С 2 орынды

    Бір орынды ( қосалқы қонақсыз)

    Теледидар, тоңазытқыш, душ кабинасы, сан/торап, шұңғылша

    2. В 2  орынды

     Бір орынды (қосалқы қонақсыз  )

    Телефон, теледидар, тоңазытқыш, душ кабинасы, сан/торап, шұңғылша

    3. А 2  орынды

     Бір орынды  (қосалқы қонақсыз)

    2 бөлмелі: жатын және қонақ  бөлмесі

    телефон, теледидар, фен, тоңазытқыш, ыдыс-аяқ

    душ кабинасы, сан/торап, шұңғылша

    4. А*

    жақсартылған

    2  орынды

    Бір орынды (  қосалқы қонақсыз)

    2 бөлме: телефон, теледидар, фен, тоңазытқыш, ыдыс-аяқ, ванна бөлмесі, сан/торап, шұңғылша

     

    5. А**

    жақсартылған

    2 орынды

     Бір орынды (  қосалқы қонақсыз)

    3  бөлме: телефон, теледидар, фен, тоңазытқыш,

    ыдыс-аяқ, ванна бөлмесі, сан/торап, шұңғылша

Емдеу курсы   10, 14 , 20 күн.

Жолдама құнына кіреді:   тұру, тамақтану, емдеу.

Тегін емдеу:

  • Минералды ванналар;
  • Минералды бассейн;
  • Құйынды  ванна;
  • Тартылмалы бассейн;
  • Суасты -душ массаж;
  • Парафинді-озокеритті емдеу;
  • «Реабокс» құрғақ көмірқышқылды ваннасы;
  • Бір жағына қолмен массаж жасау; 
  • Физиоемдеу;
  • Тұз терапиясы;
  • Аэроионотерапия
  • Психологиялық жеңілдену;
  • Қызыл иекті  емдеу;
  • Асқазан және ішекті сулау;
  • Дуоденальді тексеру;
  • Гинекологиялық суландыру;
  • Тюбаж;
  •  Емдік дене шынықтыру;
  • Ингаляция.

Емдеу дәрігер тағайындауы бойынша қатал түрде өтеді.

Мекенжайы:

  Алматы қ.,  Ремизовка,   «Көктем» санаторийі

 Жүру бағыты: 

  № 63, № 38, № 86, № 127 автобустарымен   Әл-Фараби  ҚазМУ аялдамасына дейін жетіп, әрі қарай жеке таксимен «Көктем» санаторийіне дейін (жолақысы 100 теңге) барасыз