• Республика Казахстан
    г. Павлодар ул. Торайгырова, 1
  • +7 (7182) 53-20-22
  • +7 (7182) 53-21-22
    Санаторлы-курортты емделу, демалыс және экскурсиялар туралы консултациялар. Консултациялар сагат 9:00ө ден 18:00-ге дейін жұмыс жасайды. 
  • +7 (7182) 53-41-20
    Қонақ үй ресепшіні тәулік бойы жумыс жасайды.
  •  ptourist@mail.ru

«Павлодартурист»АҚ «Қарғалы» санаторийін ұсынады

«ҚАРҒАЛЫ» санаторийі жүрек-тамыр жүйесі, демалу органдары, тірек және қимыл органдары, жүйке тозуы ауруларын алдын алу және емдеу үшін мамандандырылған. Жолдама бойынша Сіз кешенді ем ала аласыз: емдік ванналар, (қылқанды-тұзды, пантолық және басқа); аппаратты физиотерапия (токтың барлық түрі, оның ішінде  гальванобалшық, биоптрон,  УС, ингаляциялар);  жылумен емдеу – озокеритті-парафиндік жапсырмалар; массаж; жүзу бассейні.   Пансионаттың үлкен аумағы мен ағаштардың  сан алуандығы сауығу және шаршағаныңды басу үшін жағдай туғызады.

«ҚАРҒАЛЫ» ПАНСИОНАТЫ

1937 жылы Министрлер кеңесі және Денсаулық сақтау министрлігінің шешімімен ашылды. 1941-1945 жылдары Ұлы Отан соғысы кезеңінде әскери қызметкерлерді емдейтін госпиталь сияқты болды.   1945 — 1950  жылдары «Ана және бала» демалыс үйіне айналдырылды.  1951-жылдан  1986 жылға дейін  — Қазақстан еңбеккерлерінің демалыс үйі болды.   1995 жылдан негізгі құрылтайшысы Қазақстан Кәсіподақтар Федерациясының Ашық Акционерлік Қоғамы.   2002 жылы «Қарғалы» пансионаты» АҚ деп аталды.

 «ҚАРҒАЛЫ» пансионаты    Алматы қаласының экологиясы таза ауданында орналасқан.    Пансионаттың үлкен аумағы мен ағаштардың  сан алуандығы сауығу және шаршағаныңды басу үшін жағдай туғызады.

 «ҚАРҒАЛЫ» пансионатында тамаша демалу үшін барлық  жағдайлар жасалған.

Демалушыларды орналастыру үшін бес қабатты жатын корпуста бір, екі, үш орынды және жартылай люкс пен люкс нөмірлерді ұсынады. Салтанатты шаралар мен банкеттерді өткізу үшін 250 орындық үш банкет залы бар. Банкет залдары заманауи және ұлттық қазақи үлгіде безендірілген.  Қонақтарды қарсы алып, экскурсияларға апару қызметі үшін  автокөлік   паркі бар.

  • НЕГІЗГІ КОРПУС. Тәулігіне бір адамға арналған жолдамалардың бағалары

     Нөмір сипаттамасы    Емдеуді қажет ететін 1 адамға 1 тәулік бағасы Емді қажет етпейтін  1 адамға 1 тәулік бағасы
    2 орынды апартаменттер. Жатын, қонақ, асүй бөлмелері, душ, сан/торап, тоңазытқыш, теледидар 30000
    1-2-3 орынды секция типті жартылай люкс нөмірлер (секцияға душ, сан/торап, тоңазытқыш), теледидар 7500 7000
    2 орынды люкс
    2 бөлме: жатын және қонақ бөлмесі, теледидар, тоңазытқыш, душ, сан/торап
    18000
    (2 адамға 9000  )
    17000
    (2 адамға 8500)
    3 орынды люкс
    3 бөлме: 2  жатын және қонақ бөлмесі, теледидар, тоңазытқыш, душ, сан/торап
    27000
    (3 адамға 9000)
    25500
    (3 адамға 8500)

     

     Емделусіз тұру 1 адамға 1 тәулік  бағасы/теңге
    12 жасқа дейінгі балаларға жатын орынсыз, қосымша кереуетпен 5000
    5 жасқа дейінгі балаларға жатын орынсыз 3500
Емдеу курсы — 20 күн.  Бірнеше күнге келуге мүмкіндік бар. Жолдама құнына: тұру, емделу ( баға көрсеткіші бойынша емдеудің кейбір түрі ақылы) және тамақтанатын үш үлкен залдың асханаларында төрт реттік тамақтану енгізілген.

  Конференц-залды жалға беру — 20000 тңг.
Кофе-брейк  бір адамға — 600 тңг.  Салтанаттарды өткізу үшін 250 адамға дейінгі  банкет залын жалға беру – келісімді баға. 
Конференцияларды өткізу үшін банкет залы – кісі басына 500 теңге.  .
Бір реттік тамақтану – кісі басына 1000 теңге.

Қосымша ақылы қызметтер:

Монша-сауналар, барлар, бильярд салоны, бейнезал, би алаңы, кітапхана, шаштараз, жалға беру пункті, автотұрақ, бассейн, спорт кешені, тренажер залы, үстел теннисі, үлкен теннис, волейбол, баскетбол, кіші-футбол.