• Республика Казахстан
    г. Павлодар ул. Торайгырова, 1
  • +7 (7182) 53-20-22
  • +7 (7182) 53-21-22
    Санаторлы-курортты емделу, демалыс және экскурсиялар туралы консултациялар. Консултациялар сагат 9:00ө ден 18:00-ге дейін жұмыс жасайды. 
  • +7 (7182) 53-41-20
    Қонақ үй ресепшіні тәулік бойы жумыс жасайды.
  •  ptourist@mail.ru

«Павлодартурист» АҚ Алакөл көлі жағалауындағы «Әйгерім» демалыс үйін ұсынады

«Әйгерім» демалыс үйі Алакөл көлінің жағасында, Шығыс-Қазақстан облысының Үржар ауданы жағында орналасқан. 1989 жылдан 1999 жылға дейін база Қазақтелекомның иелігінде болды. 2000-шы жылдан жеке меншікке көшті.

Бүгінгі күні база аумағы 6 га жер көлемін алады. Оның 4 га жері абаттандырылған, көгалдандырылған. Коммуникацияның барлық түрі жүргізілген. Ұялы байланыс бар. Маңайы қоршалған. Тәулік бойы ІІД қызметкерлерінің күзеті қойылған. Маусым кезінде Семей, Өскемен,  Алматы қалаларынан автобус рейстері болады.

«Әйгерім» демалыс үйі  үнем сыныптыдан VIP коттедждерге дейінгі нөмірлерді ұсынады.

нөмірлер сипаттамасы

«Стандартты нөмірлер»   — 3-4  орынды. 3 орынға суық су, санитарлық торап, ауабаптағыш, тоңазытқыш. Тұру құнына 2-реттік тамақтану енеді. Нөмірлер  жиналмалы-қалқан  блоктардан жасалған 2 қабатты үйлерде орналасқан. 8 секцияға бөлінген. Жалпы 150 кереуеттік орынға орналастырылады.

4 орынды үйлер. Үй калибрленген сібір ағашынан жасалған. Үйде ыстық және суық су, санитарлық торап, душ, ауабаптағыш, тоңазытқыш, жолсеріктік TV бар. Үй бір бөлмелі, 4 адам жайғаса алады. Тұру құнына тамақтану енбейді.

Отбасылық ағаш үй.  Үй калибрленген сібір ағашынан жасалған.  Үйде ыстық және суық су, санитарлық торап, душ, ауабаптағыш, тоңазытқыш, жолсеріктік TV бар. Тұру құнына тамақтану енбейді.  Үйде жатын бөлмесі және жапсарлас бөлме бар. Үйге 3 адам немесе 2 ересек адам мен 12 жасқа дейінгі 2 бала жайғаса алады.

6-7  орынды жабдықталған үй. Үй жиналмалы-қалқан блоктардан тұрады, 2 жатын бөлмесі, жалпы қонақ бөлмесі бар. Үйде ыстық және суық су, санитарлық торап, душ, ауабаптағыш, тоңазытқыш, жолсеріктік TV бар.   Тұру құнына тамақтану енбейді.

2 қабатты ағаш үйлер.   Үй калибрленген сібір ағашынан жасалған. Оған 6 адам жайғаса алады. Бірінші қабатта қонақ бөлмесі, санитарлық торап, душ бар. Екінші қабатында – балконы бар жатын бөлмелер.  Бір жатын бөлмесінде — бір кереуеттік 3 орын, екіншісінде екі кісілік кереует.   Үйде ыстық және суық су, санитарлық торап, душ, ауабаптағыш, тоңазытқыш, жолсеріктік TV бар.

қабатты VIP ағаш үй. Үй  қырлы ағаштан жасалған. Бірінші қабатта 2 стационарлық нөмір. Нөмірлер бір жатын, қонақ бөлмелерінен тұрады.  Ыстық  және суық су, санитарлық торап, душ, ауабаптағыш, тоңазытқыш, жолсеріктік TV бар. Қабатта жалпы холл, кафе-бар бар. Екінші қабатта — 2 стационарлық нөмір. Нөмірлер екі жатын, қонақ бөлмелерінен тұрады.  Ыстық  және суық су, санитарлық торап, душ, ауабаптағыш, тоңазытқыш, жолсеріктік TV бар.  Тұру   құнына тамақтану енбейді. Үй жылытылады. Бағасы қабаттар бойынша белгіленеді. 2 қабатта 10 адам жайғаса алады.

2 орынды ағаш үй.   Үй калибрленген сібір ағашынан жасалған, 2 адамға есептелген.  Үйде ыстық және суық су, санитарлық торап, душ, ауабаптағыш, тоңазытқыш, жолсеріктік TV бар.  Тұру құнына 2 реттік тамақтану кіреді, тамақтанбауға да болады.

2 орынды фин үйі.  2 адамға есептелген.   Үйде ыстық және суық су, санитарлық торап, душ, ауабаптағыш, тоңазытқыш, жолсеріктік TV бар. Тұру құнына 2 реттік тамақтану кіреді, тамақтанбауға да болады.

4 орынды жеке тұрған 2 қабатты ағаш үй.  Бірінші қабатында қонақ бөлмесі, санитарлық торап, душ. Екінші қабатта 2 кісілік кереуеті бар жатын бөлмесі және үлкен терраса бар. Үйде ыстық және суық су, санитарлық торап, душ, ауабаптағыш, тоңазытқыш, жолсеріктік TV бар. Тұру құнына тамақтану енбейді.

Демалыс  үйіне жолдамалар 7 және одан аса күндерге есептелген.

Демалушылардың келуі мен қайтуы дүйсенбі күндері сағат таңертеңгі 9.00-ден 10.00-ге дейін жүргізіледі

Қызметтер және ойын-сауық

Күзетілетін автотұрақ, балалар кешені (аквапарк, батуттар, әткеншектер, сырғанақ төбешіктері, балалар асүйі), бильярды, теннис, балаларға арналған ойын автоматтары, тир, спорт алаңы бар үлкен ойын-сауық кешені бар (футбол алаңы, баскетбол, теннис корты, волейбол ойнау үшін алаң, жүгіру жолы).

Орыс моншасы   (ерлер және әйелдер залы), массаж жасауға болады, шағын кинозал бар.

Сусындардың мол түрі қойылған кафе-ресторан жұмыс істейді.  Күн сайын жанды музыкасымен дискотека өтеді. Ұйымдастырылған спорттық турнирлер, КТК ойындары өткізіледі.  Жағалауда катамаран, байдарка, катерлерді жалға беру орындары жұмыс істейді.

2012 жылдың маусымында жаңа сауықтыру кешені, жаппалары бар демалыс саяжолы, спорт алаңы (футбол алаңы, волейбол және баскетбол алаңы), балаларға арналған аунақшалы сырғанақ құрылысы жоспарланған.  Жаңа монша кешені. Сауықтыру кешенінде «серагем» массажы, емдік массаж, панто-бу ванналары, фито бар, халық емі қызметі бойынша жұмыс жасайтын болады.

«Әйгерім» демалыс базасы Сізге және Сіздің отбасыңызға жазғы маусым кезеңінде Алакөл емдік көлінде демалыс пен сауықтыру қызметтерін ұсынады. База көл жағасында, Семей қаласынан 670 км, Өскемен қаласынан 620 км қашықтықта орналасқан.

«Әйгерім» демалыс үйі үнемді сыныптан VIP коттедждерге  дейінгі нөмірлерді ұсынады.