• Республика Казахстан
    г. Павлодар ул. Торайгырова, 1
  • +7 (7182) 53-20-22
  • +7 (7182) 53-21-22
    Санаторлы-курортты емделу, демалыс және экскурсиялар туралы консултациялар. Консултациялар сагат 9:00ө ден 18:00-ге дейін жұмыс жасайды.
  • +7 (7182) 53-41-20
    Қонақ үй ресепшіні тәулік бойы жумыс жасайды.
  •  ptourist@mail.ru

«Павлодартурист» АҚ

«Павлодартурист» АҚ-ның тарихы XX ғасырдың 70-ші жылдары Павлодар облысы туризмінің қалыптасуы мен дамуының қайнар бастауында жатыр.

Қазіргі уақытта біздің фирмамыз негізгі үш бағытқа ерекше назар аударып отыр, олар:  қонақүй, туризм және  мейрамхана бизнесі.  Қаламыздағы жалғыз «Сарыарқа» туристік кешені бір уақытта 300 адамға дейін қызмет көрсете алады.

«Павлодартурист» АҚ – «Онжылдықтың ең үздік кәсіпкері» облыстық конкурсының «Туризм және сервис» номинациясы бойынша жеңімпазы атанды. 40 жыл ішінде компания көрнекті фирма беделіне ие болып, Павлодар облысында көшбасшылық орынға шықты.

Өткен жылдар ішінде туристік қызметтер нарығында көзге түсіп, сенімді серіктестерге ие болдық, сондай-ақ мол тәжірибе жинақтап, клиенттердің арасында жақсы абырой-атаққа кенелдік. Фирмамыздың мақсаты жоғары сапалы қызмет көрсету болып табылады.

 

Бізді таңдасаңыз, Сіз:

  • кәсіпқойлық пен сенімділікке;
  • жеке қатынасқа;
  • дұрыс әрі жедел ақпаратқа;
  • уақытыңыздың үнемделуіне;
  • кез келген есеп айырысу нысанына ие бола аласыз.

Жаңа елдер. Жаңа әсерлер, жаңа таныстықтар … Бұлар арқылы біз байи түсеміз, қарым-қатынас пен таныстық аясын кеңейту мүмкіндігіне ие боламыз.  «Көп жасаған білмейді, көп көрген біледі» деп халық даналығында тегін айтылмаған. Саяхат әр адамға жолсапар мақсатына байланысты демалуға, іскери кездесулерді өткізуге, денсаулықты жақсартуға мүмкіндік береді.  Туризм әлемінің аспектілері көп қырлы: демалу және емделу, ойын-сауық және спорт, іскери кездесулер, бизнес-турлар, оқу. Өткен жылдар ішінде «Павлодартурист» АҚ  туристік қызметтер нарығында көзге түсіп, сенімді серіктестерге ие болғанын, сондай-ақ мол тәжірибе жинақтап, клиенттердің арасында жақсы абырой-атаққа кенелгенін мақтанышпен атап өткіміз келеді. Көп жылдар ішінде көптеген шипажайлармен және курорттармен тікелей туристік-операторлық шарттар жасалды. Қызметтерімізді пайдалансаңыз, жұмысымыздың сапалы, сенімді екендігіне және жедел атқарылатындығына көзіңізді жеткізе аласыз. Ескі достарымызға жемісті еңбектері үшін алғысымды білдіріп, жаңа серіктестерді ынтымақтастыққа шақырамын.

Құрметпен, «Павлодартурист» АҚ бас директоры С.К.Умирбеков